Қазанның 13-і мен 20-сы аралығында Сочиде 2000/2001 жылғы жеткіншектер арасында футболдан «Былғары доп» додасы өтіп, қазақстандық жеткіншектер күміспен күптелді. Турнирге Ресейден бөлек, Қазақстан, Әзірбайжан және Молдова командалары да қатысқан болатын.
Ел намысын бұл додада «Соса-Соlа – Былғары доп» додасының республикалық турнирінде жеңімпаз атанған қостанайлық жеткіншектер қорғады.
Сочидегі турнирде командалар екі топқа бөлінген болатын. Қазақстандықтар өз тобында қарсылас шақ келтірмей, финалдық матчқа жолдама алды.
Ақтық ойында жерлестеріміз Ростов қаласының командасымен кездесті. Дегенмен, өте тартысты кездесуде қазақстандықтар 0:2 есебімен жеңіліп, турнирдің күміс жүлдесімен күптелді.
Турнир форматы бойынша алаңда әр командадан жеті ойыншы бір қақпашы ойнады. Ойындар 25 минуттық екі таймнан тұрды.
Қазақстанда «Coca-Cola Былғары доп» додасы арқылы үлкен футболға Рауан Сариев, Сергей Хижниченко сынды саңлақтар өсіп шықса, Ресейде осы турнир арқылы Александр Кержаков, Алексей Смертин және Юрий Жирков сияқты сайыпқырандар үлкен футболға жолдама алған.
Қазақстандық жеткіншектер Сочиден күміспен оралды
Қазанның 13-і мен 20-сы аралығында Сочиде 2000/2001 жылғы жеткіншектер арасында футболдан «Былғары доп» додасы өтіп, қазақстандық жеткіншектер күміспен күптелді. Турнирге Ресейден бөлек, Қазақстан, Әзірбайжан және Молдова командалары да қатысқан болатын. Ел намысын бұл додада «Соса-Соlа – Былғары доп» додасының республикалық турнирінде жеңімпаз атанған қостанайлық жеткіншектер қорғады.