Аянып қалмаймыз!
Бүгін Астанада таеквондодан әлемдік "Гран-при" сериясы басталады сериясы басталады (29-31 маусым, "Дәулет" спорт кешені). Дүбірлі дода алдында даянг иелерінің пікірін білуді жөн көрдік.
Арман Шылманов, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Қазақстан таеквондо федерациясының спорттық директоры:
– Астанаға әлемнің ең үздік таеквондошылары келді. Демек, бізді керемет турнир күтіп тұр. Біздің балалар үшін мықтылармен тайталасу оңай болмайды. Әйтсе де, өз жанкүйерлеріміздің алдында ұятқа қалмау үшін тырысып бағатыны сөзсіз. Ертең даянгқа шығатын спортшылардың бәрі еліміздегі үздіктер. Сондықтан, аянып қалмайды. Әрине, ұлттық құраманың барлық спортшысына жанкүйер боламын. Әсіресе, Қайрат Сарымсақов (68 келі) пен Смайыл Дүйсебайды(+80 келі) атап өткім келеді. Осы жігіттер медальға таласа алады. Осыдан біраз уақыт бұрын ұлттық құрамаға легионерлер келетінін хабарлаған едік. Олар Гран-при турниріне ғана емес, Инчхонда өтетін Азия ойындарына да қатыса алмайды. Өйткені, азаматтық ауыстыру оңай процесс емес. Жыл соңына қарай бәрі дұрыс шешіледі деп үміттенемін.
Мұстахим Қабдырашев, таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасның бас бапкері:
– Бірнеше ірі турнирдің нәтижесіне қарап, осы балаларды іріктеп алдық. Ең мықты деген спортшыларға ғана таңдау түсті. Олардың жетеуі Азия ойындарына да қатысады. Мойындау керек, біз өз әлеуетімізді білеміз, әлем мықтыларымен иық тірестірудің қиын болары хақ. Біздің басты міндетіміз – үздік үштікке ілігу. Алтын туралы ойлау біз үшін әлі ерте. Әрине, бұл бас жүлде туралы ойламаймыз деген сөз емес. Әйтсе де, бұл Гран-при. Мұнда әлемнің нағыз мықтылары бақ сынайды. Жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз. Өз жерімізде өтіп жатқан соң, олардың қолдауы бізді қанаттандырады. Әр түрлі деңгейдегі екі-үш медаль жеңіп алсақ жақсы болар еді. Нұрсұлтан Мамаев пен Феруза Ергешоваға үміт артып отырмын. Жеребеге сәйкес, әлем үздіктері бізге үшінші айналымнан бастап тап болады. Ал оған дейінгі қарсыластар қатты қарымды емес.
Гран-при жеребесі
Ерлер
58 келі
Нұрсұлтан Мамаев – Пенек Каракет (Тайланд)
68 келі
Қайрат Сарымсақов - Жоржес Кобенан (Кот д’Ивуар)
80 келі
Мақсат Әбдірамбек - Максим Рафалович (Өзбекстан)
+80 келі
Смайы Дүйсебай – Александр Бахманн (Франция)
Қыздар
49 келі
Фариза Алдоңғарова – Хажер Мұстафа (Франция)
57 келі
Әсел Қойлыбай – Мартина Зубчич (Хорватия)
67 келі
Гүлім Бибалаева – Юн Фей Гу (Қытай)
+67 келі
Феруза Ергешова – Виам Дислам (Морокко)
Мереке Жүнісова - Рима Ананбех (Иордания).
29.08.2014 1276 0 Добавить в личный кабинет
Автор: sportinfo.kz Источник: http://alaman.kz Рубрика: Другие Категория: Казахстанские Тематика: Другие
Теги: Арман Шылманов, Мұстахим Қабдырашев, Гран-при, таеквондо
Вернуться к списку материалов
comments powered by Disqus
Материалы по теме
Федор Емельяненко встретился с джитсерами клуба...
Легендарный боец ММА, многократный чемпион мира...