Алматыда алғаш рет аударыспақтан «Qasqyr cup» турнирі өтті
![]() |
| Фото: Sportinfo.kz |
2 қазан күні Алматыда қазақтың ұлттық спорты – аударыспақты халыққа кеңінен насихаттау мақсатында алғаш рет "Qasqyr cup" турнирі өтті. Бұл доданың ерекшелігі – бұрын-соңды ат үстінде күресіп көрмеген блогерлер мен медиа тұлғалар қатысты.
20 қатысушы ат үстінде күш сынасып қана қоймай, алаңға әртүрлі кейіппен шығып, көрерменге шоу көрсетті. Олардың арасында Абай Асылхан, Файзулла Нағашыбай, Медет Жаңабай, Айтбек Тұрсынбай, Мейіржан Төребай, Асхат Нұрмашев, Мұхит Амантай, Ертуған Амангелді, Манас Жарылқасынов, Мақсат Қиқымов, Азамат Бақытов, Медет Жанатұлы, Арнұр Қабдолдаев, Олжасхан Қайрат сынды блогер, айтыскер, MMA шеберлері бар. Өз қарсыласын жеңген әр қатысушыға 500 мың теңге сыйақы берілді.
Ерлер спорты саналатын аударыспақтан алғаш рет қыздар да сайысқа қатысты. "Бопай" лақап атымен танымал Зәмзәгүл Файзолланова мен "Томирис" атанған Гүлмарал Еркебаева атқа мініп, аударыспақ ережесіне сай күресті. Жекпе-жектің бітуіне санаулы секундтар қалғанда Гүлмарал қарсыласын аттан аударып түсіріп, жеңіске жетті. Осыған дейін қазақ күресі мен еркін күресте қарсылас болған спортшы қыздар 1:1 есебімен тең түскен еді.
"Аударыспақтан өткен шешуші айқасымызда жеңіске жетіп, трилогиямыз осымен аяқталды. Атқа мініп жүргенімізбен, аттың үстінде күресу үшін рух керек екен. Бір жағынан атты басқарсаң, екінші жағынан адаммен арпалысасың. Кеше ғана жаттығып, бүгін шайқасқа шығып кеттік. Басында қорқыныш болды, себебі аттың үстінде күресу көп қазақ жігітінің қолынан келе бермейді. Қыздардың атқа қонағаны әрбір қазақ жігітіне сын болары анық. Күш білекте емес, жүректе. Қазақ қыздарының рухын, мінезін көрсеттік", – деді Гүлмарал Еркебаева.

Нигериядан келген Мухаммад қатысушылардың бірін алмастырып, аз уақыт ішінде аударыспақ ережесін меңгеріп алды. Ешқашан атқа мініп көрмеген ол жарыс алдында бір-ақ рет дайындалып, турнир кезінде қарсыласын 11 секундта аттан құлатып түсірді.
"Жеңіске жететініме ешкім сенбеді, себебі қарсыласымның салмағы ауыр еді. Ал мен өзіме сендім, себебі жарыстарға қатысып жүрген соң ең алдымен өзіңмен күресу керек екенін жақсы білемін. Әрі футболшымын. Бала кезімде бокспен айналыстым. Сондықтан қарсыласымды жеңу үшін барымды салдым. Аударыспақ маған қатты ұнады. Тағы да жарыстарға қатысқым келеді. Бүгінгі жеңісіме елде қалған анам, бауырларым қуантатын болды. Қазақ тілін үйреніп жүрмін. Осындай мүмкіндіктерге жол ашқан Қазақстанға алғысым шекісіз", – деді Мухаммад.
"Qasqyr cup" қатысушыларының бірі әрі жеңіске жеткен Asarume қайырымдылық қорының басшысы Асхат Нұрмашев турнир кезінде бір отбасыға үй сыйлады.
"Біз бүгін қайсар мінезімізді көрсетіп қана қоймай, Талғардағы жалғызбасты анаға үй сыйлап, жақсылық жасадық. Ұлы бәйгеге қатысып, қазақтың ұлттық ойындарын бойына сіңіріп жүр. Осы қуанышқа 20 мың адам үлес қосты. Аударыспақта жан-жақты болу керек екен. Тепе-теңдік сақтау әрі күресі оңай емес. Алматыда ғана емес, туған жерім Ақтөбе қаласына барып, чемипон атанып жүрген аударыспақ командасынан сабақ алдым. Бұл турнир жалғасын табуы керек. Келер жылы басқа қатысушылар өнер көрсетеді деген ойдамын. Осындай генетикалық кодымызды елге таратуымыз керек", – деді Асхат Нұрмашев.
Аударыспақ – екі салт аттының күресі. Балуандар ат үстінде күш сынасып, бірін-бірі белден басып немесе тартып жерге құлатуы керек. Қазақтың ұлттық спорты Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының бағдарламасына енген. Бір ай бұрын Қырғызстанда өткен ойындарда Қазақстан құрамасы алты салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, төрт алтын, бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды. Енді 5-8 қазанда Оралда аударыспақтан ересектер арасындағы ел біріншілігінде Қазақстан чемпиондары анықталады.

04.10.2026
Автор: sportinfo.kz Рубрика: Другие Категория: Казахстанские Тематика: Другие
Теги: аударыспақ, қазақтың ұлттық спорты, Гүлмарал Серкебаева, Qasqyr cup, Asarume, Асхат Нұрмашев, Зәмзәгүл Файзолланова
Вернуться к списку материалов
Материалы по теме
84 медали, мировой рекорд и исторические победы:...
Сборная Казахстана завершила выступление на XX...
Более 120 юных спортсменов приняли участие в...
В Алматы на базе спортивного клуба имени Сагадата...
Спортсмен Сил специальных операций Казахстана...
21-летний казахстанский спортсмен по джиу-джитсу...
Зейнеп Баянова принесла Казахстану бронзовую... ![]()
Зейнеп одержала уверенную победу со счётом 11:4 и...





