Рафаэль Уразбахтин: «Жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз»
![]() |
— Чемпионат аяқталғаннан кейін біраз үзіліс болды. Біз ертеңгі матчты асыға күтеміз. Демала беріп шаршап кеттік. Тынығатын, дайындалатын уақытымыз болды. Жақсылап ойнап, жақсы нәтиже көрсетеміз деп сенемін.
— Копенгагенге қалай жеттіңіздер? Ұзақ ұштыңыздар ма?
— Ұзақ ұшып үйреніп қалдық. Бірінші рет бұлай ұшып тұрған жоқпыз. Бәрі жақсы өтті. Кеше келіп, жаттығу жасадық та, демалдық. Ешқандай проблема жоқ.
— Халықаралық үзілістен кейін командаларға ойынға оралу қиын болады. Бұл үзіліс командаға теріс әсер етуі мүмкін деп қорықпайсыз ба?
— Бізге демалыс қажет еді. Қарқынды кезең болды, кейбір ойыншылар жеңіл жарақат алып қалып жатты. Бұл үзіліс пайдалы болды деп есептейміз. Ойыншыларға демалып, психология жағынан қалпына келуге мүмкіндік бердік. Ұлттық құраманың ойыншылары толық демалған жоқ. Бірақ олар оралған кезде қосымша демалыс бердік. Қалған ойыншылардың көңіл күйі жақсы. Демалып, алаңдамай дайындалдық. Бұл үзіліс бізге тиімді болды.
— Офри Арад «Интермен» өткен матчтан кейін ота жасатқаны әрі жақын матчтарда ойнай алмайтыны туралы ақпарат шықты. Оның орнына кімді көреміз? Сол позицияда Қазақстан құрамасында ойнағандықтан, Еркін Тапалов шығатын шығар.
— Офри матчтан кейін ота жасатуға кетті. Еркін Қазақстан құрамасында мықты кәсіпқой екенін көрсетті. Құрама бапкері менімен Бельгияға қарсы матч алдында Еркін сол позицияда ойнай ала ма деп сұрады. Жалпы Еркін — бірнеше позицияны жаба алатын әмбебап ойыншы. Одан бөлек, бізде басқа ойыншылар да бар. Алдыңғы матчта Глазер толық дайын болмағандықтан, оны сақтадық. Қазір ол толық қалпына келді. Басқа ойыншылар да Офриді алмастыра алады.
— Көрші әзірбайжандық «Қарабақ» «Копенгагенді» жеңген әрі осы маусымда жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Олармен салыстырғанда сіз қысым сезесіз бе?
— Шынымды айтсам, бізді салыстырғанып жатқанға назар аудармаймыз. Бұны тек БАҚ істеп жүр. Бәрі біз «Қарабақ» сияқты ұпай жинағанымызды қалайды, бірақ футбол — болжап болмайтын ойын. Осы үшін адамдар оны жақсы көреді. Біз «Копенгагенмен» турнир кестесі жағынан тең келе жатырмыз. Жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз, қарсылас та өз алаңында сапалы ойын көрсетуге талпынады. Мықты болғаны жеңеді. Біз оң көзқараспен келеміз. Жақсы нәтиже алуға дайынбыз.
— «Интермен» болған матчта Александр Мартынович ойнамады, бірақ оны Александр Широбоков жақсы алмастырды. Мартынович ертеңгі ойынға дайын ба?
— Иә, Мартынович «Астанамен» болған ойында алған жарақатына байланысты «Интерге» қарсы ойнамады. Қазір қалпына келді, жалпы топта жаттығып жатыр. Бастапқы құрамға кім шығатынын ертең көресіздер. Широбоков «Интерге» қарсы ойнайтын мүмкіндік алды. Баға жетпес тәжірибе болды. Оның дамуына пайдасы тиеді. Ол жас ойыншы, әрі қарай өсе береді. Чемпиондар лигасына қатысқанымыз ойыншыларымыздың дамуына үлес қосады. Широбоков «Интерге» қарсы сенімді әрі сапалы өткізгені бізді де қуантады. Біздің бапкерлер штабына Саша сияқты жас, болашағы зор қорғаушының бар болғанына сенім береді.
26.11.2025
Автор: sportinfo.kz Рубрика: Еврокубки Категория: Казахстанские Тематика: Футбол
Вернуться к списку материалов





