Шыңғыс Темірханов: «ҚФФ мақсаты – елімізде футболды бәріне қолжетімді ету»
![]() |
КФФ |
Қазақстан футбол федерациясы әлеуметтік жобалар кураторы Шыңғыс Темірханов отандық журналист Иван Резванцевке берген сұхбатында ҚФФ-ның елдегі инклюзивтілікті дамыту жұмысы туралы айтып берді.
«Біз Blind Football бойынша Қазақстан кубогын өткіздік (көру қабілеті толық немесе жартылай жоғалған жандарға арналған ойын). Турнирге Астана, Алматы, Алматы облысы, Тараз және Шымкенттен келген 5 команда қатысты. Сондай-ақ ҚФФ ЦП-футболдан (сал ауруымен ауыратын ойыншыларға арналған) екі чемпионат ұйымдастырды. Онда да 5 команда ойнады. Жақында тағы екі ұжым тіркелді. Бүгінде осы бағытта сертификаты бар жеті қазақстандық бапкер Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Тараз, Павлодар мен Маңғыстау облысында жұмыс істейді. Жасөспірімдерді 12 жастан бастап қабылдайды.
Көзі нашар көретіндер де, ЦП-футболға қатысатындар да – бәріне ҚФФ тарапынан жатын орын мен тамақ, сондай-ақ жарысты ұйымдастыру шығындары толық жабылады. Ал жол шығынын командалар өздері көтереді. Жақында осындай турнирлердің бірінде алғаш рет әлемде ЦП-футбол бойынша Pro санатындағы халықаралық семинар өтті. Соның нәтижесінде 12 қазақстандық маман арнайы лицензия алды. Айта кетейін, курстар тегін өтті», – деді Шыңғыс Темірханов.
ҚФФ «Болашақ» қорымен бірлесе отырып UNI Football League жобасын іске қосуда. Қазір оған Қазақстанның 10 қаласы қосылған. Мұнда аутизм мен Даун синдромы бар балаларға арналған секциялар жұмыс істейді. Бұл – аса маңызды әрі болашағы зор әлеуметтік жоба. Ұйымдастырушылар балалардың футбол арқылы бейімделіп, қоғамға араласып, өздеріне сенімді бола бастағанын атап өтті.
Бұдан бөлек 45 жастан асқан адамдарға арналған Walking Football жобасы бар. Қазақстанның төрт қаласында алты турнир өтіп үлгерді. Бұл бағытқа қызығушылық күннен-күнге артып келеді.
«Біз инклюзивті футбол түрлерін дамытуды, білім беру жобаларын кеңейтуді және экологиялық жауапкершілікті күшейтуді міндетті түрде жалғастырамыз. Басты мақсат – спорт Қазақстанда жасына, мүмкіндігіне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлығына қолжетімді болсын. Біз футболды жай ойын емес, қоғамды жақсы жаққа өзгерте алатын үлкен құрал деп білеміз», – деп қорытындылады Шыңғыс Темірханов.
13-16 қазан күндері Астанадағы ҚФФ футбол үйінде «Para Football Festival» фестивалі өтеді. Оның аясында ЦП-футболдан Қазақстан чемпионаты мен Blind Football бойынша ҚФФ кубогы ұйымдастырылады.
Ал 12 қазанда «Астана-Аренада» UNI FOOTBALL LEAGUE ойындары өтеді. Мұнда аутизм мен Даун синдромы бар балалардан құралған 10 команда бір-бірімен кездесіп, ерекше мерекелік атмосферада ойнайды.
28.08.2025



Автор: sportinfo.kz Источник: http://https: Рубрика: Другое Категория: Казахстанские Тематика: Футбол
Вернуться к списку материалов
comments powered by Disqus
Материалы по теме
31.12.2025
Все материалы10 лет Sportinfo.kz: Fair Play и в спорте, и в...
Популярность Sportinfo.kz начала расти....
Подписка на новости