Қазақстандық таеквондошылар Әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады
|  | 
Таеквондодан (WT) Қазақстан ұлттық құрама командасы Усиде өткен Әлем чемпионатын екі қола жүлдемен аяқтап, соңғы алты жылдағы үздік нәтижені тіркеді. Нодира Ахмедова (-49 кг) мен Айдана Құмартаева (-46 кг) Қазақстанға ұзақ үзілістен кейін Әлем чемпионатының медалін сыйлады. Қазақстандық таеквондошылар Әлем чемпионатынан соңғы рет 2019 жылы медальмен оралған. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды.
Нодира Ахмедова (-49 кг) Әлем чемпионатында барлығы 4 кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетті. Жарысқа екінші айналымнан қосылған ол жартылай финалға дейін Бразилия, Канада және Таиланд спортшыларынан басым түсті. Нодираның қола жүлдесі Қазақстан әйелдер таеквондосына соңғы 18 жылда оралған медаль болып саналады. Әйелдер арасында Әлем чемпионатының медалі соңғы рет 2007 жылы түскен.
Екінші қола жүлденің авторы Айдана Құмартаева әйелдер арасында 46 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Алғашқы кездесуінде ол Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Никола Кражевскаяны, екінші жекпе-жегінде Португалия спортшысы Киарра Барросоны 2:0 есебімен жеңді. 1/16 кезеңде үндістандық Ваишнабені жолдан ығыстырса, ширек финалда World Taekwondo өкілі Джесси Бассетті айқын басымдықпен ұтты.
Өз кезегінде Ұлттық құраманың бас бапкері Есбол Сұлтанов таеквондошылардың нәтижесіне көңілі толатынын айтты:
«Ұлттық құрама Әлем чемпионатын екі қола жүлдемен аяқтады. Төрт спортшымыз ширек финалға дейін жетіп, қолаға қол созым жерден тоқтады. Жаңадан жасақталған құрама үшін бұл жоғары жетістік. Командадағы спортшылардың нәтижесіне көңілім толады. Себебі, осыған дейін Қазақстанда соңғы жылдары Әлем чемпионатынан жүлде болмаған. Әр спортшымыз өздеріне қойылған тапсырманы орындап шықты. Десе де, мүмкіндікті қолдан жіберіп алған кездер де болды. Бұл - біздің қатемен жұмыс істеп, әлі де өсуіміз керек екенін көрсетеді».
Әлемчемпионаты соңында Дүниежүзілік таеквондо федерациясының жалауы ресми түрде Қазақстанға, Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті Кудрәт Шамиевке табысталды. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан 2027 жылы таеквондодан ересектер арасында Әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл туралы шешім Усиде өткен World Taekwondo Бас Ассамблеясында ресми хабарланды. Қазақстан олимпиадалық таеквондо бойынша Орта Азияда Әлем чемпионатын қабылдайтын алғашқы ел болмақ.
Айта кетерлігі, 2025 жылы ересектер арасындағы Әлем чемпионаты 24-30 қазан күндері Қытайдың Уси қаласында өтті. Биыл дүниежүзілік біріншілікке қатысушылар саны рекордттық көрсеткішке жетті: 179 ел, 991 спортшы.
31.10.2025
 2318
 2318    0
 0    Добавить в личный кабинет
 Добавить в личный кабинетАвтор: sportinfo.kz Рубрика: Другие Категория: Казахстанские Тематика: Другие
Вернуться к списку материалов
Материалы по теме
Все материалы| Пн. | Вт. | Ср. | Чт. | Пт. | Сб. | Вс. | 
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 











