Қазақстан құрамасының FIFA Series 2026 турниріне арналған ойыншылардың жалпы тізімі
![]() |
«13-25 ақпан аралығында Түркияда Премьер-лига клубтарының оқу-жаттығу жиындары кезінде U-21 және U-19 құрамаларының аға бапкерлерімен бірге селекциялық жұмыс жүргіздік. Клуб бапкерлерімен сөйлесіп, бақылау матчтарын қарап, ұлттық құрамаға үміткерлерді анықтадық. FIFA талаптарына сәйкес 1 наурызға дейін 50 футболшыдан тұратын кеңейтілген тізімді жібердік. Сол тізімнің ішінен FIFA Series 2026 турниріне 26 ойыншы тіркеледі.Бапкерлер штабы Премьер-лиганың бірінші турындағы матчтарды да мұқият қарап шықты. Ойыншыларды бағалағанда ең алдымен олардың алаңда қанша уақыт ойнағанына және ойын кезіндегі әрекеттеріне назар аудардық. Селекциялық жұмыс өте мұқият жүргізілді. Екінші тур аяқталғаннан кейін турнирге қатысатын нақты құрамды бекітеміз деп жоспарлап отырмыз.Үшінші тур 22 наурызда аяқталады, ал 25-інде алғашқы матчымыз бар. Сондықтан командаға әдеттегідей толық жиналып, ұзақ дайындалуға уақыт болмайды. Сол себепті соңғы тізімге дәл қазір ең жақсы ойын формасында жүрген және алдағы матчтарға толық дайын футболшылар енгізіледі», – деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов.
12.03.2026
Автор: sportinfo.kz Рубрика: Другое Категория: Казахстанские Тематика: Футбол
Теги: FIFA Series 2026, Қазақстан, футбол, Талғат Байсуфинов
Вернуться к списку материалов
Материалы по теме
Қазақстан жастар құрамасының Англия, Ирландия...
ЕУРО-2027 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан...
Қазақстан U-15 құрамасы УЕФА Даму турнирінде...
УЕФА Даму турнирі аясындағы соңғы кездесуін...




