«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік сату дирекциясының қызметкерлері «Денсаулық» XII республикалық спартакиадасына қатысады
2014 жылғы қазанның басында Алматы "Қазақтелеком" АҚ бөлімшелеренің арасында "Денсаулық" президенттік көпсайысы бойынша спартакиада өтеді. Спорт сайысының басты мақсаты Қазақтелеком қызметкерлерін дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Бұл спартакиаданың орны ерекше болмақ, себебі ол компанияның 20 жылдық мерейтойын тойлау аясында өткізіліп отыр.
Жарысты ұйымдастыру және өткізу Қазақтелекомның салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық дәстүрлерді сақтау саласындағы саясатын іске асырудың маңызды элементі болып табылады. Дені сау және мықты ұлт – заманауи Қазақстанды табысты дамытудың басты шарты және кепілі.
Спорт сайыстарына компанияның барлық филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысды.
Спартакиада екі кезеңнен тұрмақ: бірінші кезең – компания бөлімшелерінің аудандық, қалалық және облыстық командалары арасындағы іріктеу жарыстары; екінші кезең – бөлімшелердің құрама командалары арасында Алматы қ. өтетін ақырғы сайыстар. Жазғы көпсайысқа алты спорт түрі кіреді: атыс, ұзақ және қысқа дистанцияға жүгіру, граната лақтырe, күш гимнастикасы және суда жүзу.
Компанияның білікті әлеуметтік саясатының нәтижесінде бұқаралық спорт жарыстарына орталық аппараттың немесе филиалдың физикалық дайындығы сай келетін кез келген қызметкері қатыса алады. Бұл жылы көпсайысқа қатысушылардың дайындығы жоғары деңгейде және жақсы нәтиже қол жеткізуге талпынып отыр.
"Денсаулық" спартакиадасының қорытындысы бойынша салалық республикалық жарыстардағы президенттік көпсайыстан біріншілікке қатысу үшін "Қазақтелеком" АҚ құрама командасы құрылады.
22.10.2014 5038 0 Добавить в личный кабинет
Автор: sportinfo.kz Рубрика: Здоровый образ жизни Категория: Казахстанские Тематика: Другие
Теги: АО Казахтелеком, Дирекция корпоративных продаж, спартакиада, здоровье, спорт, Денсаулык, корпоративный дух
Вернуться к списку материалов
comments powered by Disqus
Материалы по теме
Федор Емельяненко встретился с джитсерами клуба...
Легендарный боец ММА, многократный чемпион мира...