Жастар арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандық таеквондошылар медаль үшін бақ сынайды
![]() |
Жалпы ұлттық құрама тізіміне 16 спортшы енген. Толық құрам төмендегідей:
Ерлер
54 келіге дейін: Еркебұлан Енсегенов
58 келіге дейін: Жавохирхон Исламов
63 келіге дейін: Тамерлан Тілеулес
68 келіге дейін: Арслан Ерментаев
74 келіге дейін: Ергеш Бекасыл
80 келіге дейін: Батырхан Қусетов
87 келіге дейін: Батырхан Төлеуғали
87 келіден жоғары: Бейбарыс Қаблан
Әйелдер
46 келіге дейін: Ақбота Желеу
49 келіге дейін: Нұрайым Жұмабек
53 келіге дейін: Айдана Сүндетбай
57 келіге дейін: Мария Севостьянова
62 келіге дейін: Аяулым Асқар
67 келіге дейін: Аружан Найманбаева
73 келіге дейін: Назым Махмұтова
83 келіден жоғары: Алтыншаш Ыдырыс
Тізімнен Батырхан Төлеуғали, Мария Севостьянова, Бейбарыс Қаблан, Тамерлан Тілеулес секілді ұлттық құраманың негізгі спортшыларын көруге болады. Жалпы Қазақстан құрамасының тең жартысы жастар болғандықтан олар да осы жарысқа қатысуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар аталған таеквондошылар соңғы халықаралық турнирлерде тұрақты түрде жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Бұл әлем чемпионатында басты фавориттердің қатарына енуге мүмкіндік береді.
Қазақстан U21 құрамасының аға жаттықтырушысы Давран Ризаев Olympic.kz сайтына сұхбат берді.
"U21 құрамасындағы спортшылардың басым бөлігі тәжірибелі әрі дарынды. Оларға артылар үмітіміз де зор. Әлем чемпионатына қатысатын құрамасы ел біріншілігінің қорытындысы бойынша іріктеп алдық.
Осы U21 құрамасына енген спортшылардың бірқатары Усиде өткен әлем чемпионатында өнер көрсетті. Екі доданың арасы тым жақын болғандықтан, спортшылардың жарақатын емдеп, әлем біріншілігінде кеткен қателіктермен жұмыс істедік.
Нақты бір спортшыны атап өткім келмейді. Өйткені әрқайсысының медаль жеңіп алуға мүмкіндігі бар.
Алда өтетін әлем чемпионатынан кейін, U21 таеквондошылары ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігіне қатысады", - деді аға жаттықтырушы.
Басты фавориттерге келер болсақ, Усиде (Қытай) өткен әлем біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысушылар тізіміне енген. Нақты айтқанда, Энрике Маркес Родригес Фернандес (Бразилия), Аболфазль Занди (Иран) және Масгуни Вафа (Тунис) ересектер арасында әлем чемпионы атанса, енді жастар арасында жүлдеге таласады.
Сонымен қатар әлем біріншілігінің қола жүлдегерлері Аристейдис Николаос Псаррос (Грекия), Суде Ярен Узунчавдар (Түркия) жеңіс тұғырына көтерілу үшін бақ сынайды.
Жарысқа қатысушылар 16 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі (ерлер - 8, әйелдер - 8). Айта кетейік U21 санатындағы әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады.
03.12.2025
Рубрика: Другие Категория: Казахстанские Тематика: Другие
Вернуться к списку материалов





