«Алматы Марафонына» дайындық шеңберінде «Күзгі жүгіру» өтпек
22 қарашада Алматы қаласының Ботаникалық бағы жүгіретін жолға айналады. "Алматы Марафонының" ұйымдастыру комитеті барлықтарыңызды аралық жүгіруге шақырады!
Жүгіру әуесқойларына екі қашықтық ұсынылады: 10-14 жас аралығындағы жас спортшыларға – 2 км, 15 жастан жоғары жүгірушілерге – 10 километрлік тас жол. 10 километрлік қашықтықтағы жарыс жасына қарай шоғырланған үш топта өтеді: 15-тен 34-ке дейін, 35-тен 49-ға дейін және де 50-ден жоғары жас аралықтары.
Әр санаттағы бірінші үш орынды жеңіп алған жүгірушілер Алматы Марафонынан медальдер мен бағалы сыйлықтарға ие болады.
– "Алматы Марафонының" атынан өтіп жатқан барлық шаралардың мақсаты бір: Оңтүстік астанада салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты дәріптеу! Күзгі жүгірудің де мақсаты сол. Бұдан әрі аралық жарыстарды әр тоқсан сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Осындай жарыстар Алматы Марафонына дайындық үшін пайдалы кезең болады деп үміттенеміз, – дейді Алматы Марафоны ұйымдастыру комитетінің өкілі Салтанат Қазыбаева.
Спорт шарасына қатысу үшін регламентпен танысып, тіркеу нысанын толтырып, оны "Алматы Марафонының" ұйымдастыру комитетіне manager@almaty-marathon.kz мекенжайына жіберу керек. Қосымша ақпараттарды http://марафон.kz сайтынан немесе Алматы.
Марафонының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан біле аласыздар: https://vk.com/marathonkz, https://www.facebook.com/MarathonAlmaty, http://instagram.com/almatymarathon. Бастапқы жарна сомасы – 700 теңге, 10-14 жас аралығындағы балаларға қатысу – тегін.
Жүгіруге тіркелу 2014 жылдың 19 қарашасында аяқталады. Асығыңыз! Сөре нөмірлерінің саны шектелген!
Қосымша сұрақтарүшін:e-mail: manager@almaty-marathon.kz
Тел.: +7 (727) 267 64 66.
06.11.2014 1895 0 Добавить в личный кабинет
Автор: sportinfo.kz Рубрика: Здоровый образ жизни Категория: Казахстанские Тематика: Легкая атлетика
Теги: Алматы марафон, 22 қарашада, Алматы Марафонының ұйымдастыру комитеті, Салтанат Қазыбаева, Казахстан, южная столица
Вернуться к списку материалов
comments powered by Disqus
Материалы по теме
Симона Байлс: Американка выполняет исторический...
Симона Байлс стала первой женщиной на Чемпионате...
Чемпионат мира по гимнастике: Симон Байлс...
Симон Байлс будет соревноваться за свой двадцатый...
Гудаф Цегай из Эфиопии установила мировой рекорд...
Гудаф Цегай установила мировой рекорд на...
Американский бегун Ноа Лайлз стал чемпионом мира...
Американский легкоатлет, трёхкратный чемпион мира...