Алматыда «Білім берудегі шахмат» III халықаралық конференциясы өтті
![]() |
Фото: KazChess |
Алматыда Satbayev University қабырғасында «Білімберудегі шахмат» III Халықаралық конференциясы өтті. Оны Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) қолдауымен ұйымдастырушы – Қазақстан шахмат федерациясы (KazChess). Бас серіктесі – Freedom Holding Corp.
Конференцияның 2 күнінде Қазақстан, Түркия, Армения, Еуропалық Одақ елдері мен АҚШ-тың жетекшісарапшылары және білім беру саласында істейтін 350-ден астам қазақстандық білім беру шахматының дамуынталқылады.
Конференция бағдарламасында шахматты білім беругеинтеграциялаудағы халықаралық тәжірибе мен практика назарға ұсынылды. Түркия шахмат федерациясыныңпрезиденті Фетхи Апайдын Түркияның тәжірибесітуралы баяндама жасады. Халықаралық мектеп шахматы федерациясының өкілдері Надежда Кравчук пен ДілдәНаурызбаева мектепте шахматты дамытудағыхалықаралық тәсілдемелерді тілге тиек етті. Полициягенерал-майоры және ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаеватындағы Қостанай академиясының бастығы АқынқалиДәрменов курсанттардың зияттық дамуы туралы айтып берді.
Шахматты жоғары білім беруге енгізу мәселесінеарналған панельдік пікірталасты Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дәуленов, Ваган Саркисян (Армения мемлекеттік педагогикалық университеті), Марк Бейг (Жирона университеті, Испания) және басқа да сарапшылар өткізді. КаzСhessатқарушы директоры Гүлмира Дәулетова «Патша жүріс жасайды: шахматтағы әйелдер» сессиясына қатысты. Конференцияның бірінші күнін FIDE «Chess in education»комиссиясының аға кеңесшісі Леончо Гарсия (Испания)және комиссия хатшысы Рита Аткинс (Венгрия)баяндама жасап аяқтады. Екінші күні шеберлік сабақтары өтті: комиссия төрағасы Джерри Нэш (АҚШ) «Шахмат және сыни ойлау» тақырыбын қамтыса, Леонче Гарсиамастер-классты — пәнаралық тәжірибелерге, Марк Бейгорындау функцияларын дамытуға арнады, ал Рита Аткинс пен Қуаныш Сүлеймен шахмат есептерін шешу және цифрлық платформалар бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
«Бізде шахмат білімінің өте қарқынды даму динамикасы байқалады. Шахматты білім беру жүйесіне енгізу зияткерұлтты қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар ойлампаз, стратегиялық ойлайтын тұлғаларды тәрбиелеудің мықты іргетасын қалайды. Біз Қазақстанның «Білім берудегі шахмат» бағдарламасын енгізудегі бірегей тәжірибесін экспорттап, білімін бөлісіп және зияткерлік тұрғыдан дамыған қоғам құру жолында басқа елдерді шабыттандырып жатқанын мақтан тұтамыз», – деді ҚШФбірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов. Оның сөзі білім беру шахматының жаһандық дамуына Қазақстанның үлес қосып жатқанын ерекше көрсетті.
Қазақстанда іске асырылып жатқан «Білім берудегі шахмат» бағдарламасы айтарлықтай нәтиже беріп отыр. 2025 жылы «Шахмат негіздері» пәні 20 өңірдегі 1500-ден астам мектебінде енгізілді. Бұл 2027 жылға қарай 1400мектеп кешенді жоспарының KPI көрсеткішінен асты. Бағдарламаға 60 мыңнан астам оқушы қатысуда. Шахматоқыту әдістемесі бойынша оқудан 20 өңірдің 2500 педагогі өтті.
Қазақстан шахмат федерациясы педагогтердің біліктілігін арттыратын ұйым мәртебесіне ие болды. Енді мұғалімдер аттестаттау кезінде жарамды сертификат алады.
Сонымен қатар мамандарды даярлау жұмысы жүргізілуде: 7 педагогикалық жоғары оқу орнында қосымша «Шахмат педагогі» minor бағдарламасы іске қосылып, 2025-2026 оқу жылында 5 жоғары оқу орнының 204 студенті оқудыбастап кетті. Мектептерге қазақ және орыс тілдерінде 1және 2-ші сынып мұғалімдеріне арналған онлайн курстаржазылды.
«Білім берудегі шахмат» бағдарламасы жаңа оқумәдениетін қалыптастырады, онда шахмат балалардыңақылдырақ, өзіне сенімдірек және табыстырақ болуына көмектеседі. Бұл бағытқа деген қызығушылық жылдан-жылға артып, шахматтың білім беру құралы ретіндегітиімділігін растайды.
29.09.2025



Автор: sportinfo.kz Источник: http://https: Рубрика: Шахматы Категория: Казахстанские Тематика: Другие
Вернуться к списку материалов