Алматыда жүздеген жанкүйер FIFA™ футболдан әлем чемпионатының кубогын тамашалады
![]() |
2026 жылғы 26 қаңтарда Алматы қаласы FIFA™ футболдан әлем чемпионаты кубогының жаһандық туры аясындағы қалалардың біріне айналды. Кубокты FIFA-ның ресми өкілдері мен әлемдік футбол аңызы Марко Матерацци алып жүрді, бұл іс-шараның ерекше тарихи маңызын көрсетті.
Қатаң күзетпен жеткізілген трофей Республика сарайында қойылды. Мұнда Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстан футбол федерациясының өкілдері, сондай-ақ Coca-Cola және CCI компанияларының бас директорлары — Серкан Дилек пен Вели Динчель FIFA делегациясын қарсы алды. Қала тұрғындары мен қонақтары әлемдегі ең танымал спорттық трофейлердің бірін жақыннан көру мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара қонақтары кубоктың жанына естелік суретке түсті.
Іс-шараға қызығушылық рекордтық деңгейде болды — акцияға 3500-ден астам адам қатысты. Салмағы 6,142 кг болатын, таза алтыннан жасалған FIFA™ Әлем чемпионатының түпнұсқа кубогы бірнеше сағат бойы Республика сарайында көпшілік назарына ұсынылды. Дәстүр бойынша трофейге тек әлем чемпиондары мен мемлекет басшылары ғана қол тигізе алады.
«Кока-Кола Қазақстан» ЖШС бас директоры Серкан Дилек турдың футбол жанкүйерлері үшін маңызын атап өтті:
«140 жылдан бері Coca-Cola жай ғана сергітетін сусыннан әлдеқайда кең ұғымды білдіреді. Ол — оптимизмнің, ортақ қуаныштың және күштің мәңгілік символы. Футбол секілді, Coca-Cola да шынайы эмоциялар сыйлап, күнделікті өмірде де, ең ерекше сәттерде де сиқырлы әсер қалдырады.
Футболдан әлем чемпионаты бүкіл әлемдегі жанкүйерлерді біріктіріп жатқан сәтте, Coca-Cola футбол сыйлайтын қуаныш пен ләззатқа толы әрбір мезетте жаныңыздан табылады. Кока-Кола, Спрайт, Фанта сынды танымал брендтерден бастап, Пико, ФьюзТи, Бонаква және Швепс сусындарына дейін — әр сәтке сергектік пен қуат сыйлайды».
ҚР Футбол федерациясы турдың елдегі футбол мәдениетін дамытуға қосқан үлесін атап өтті, ал FIFA өкілдері 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында өтетін және әлемнің 75 қаласын қамтитын маршруттың халықаралық маңызын ерекше атап өтті.
Алматы қаласының әкімдігі де оқиғаның маңыздылығына тоқталды:
«FIFА футболдан әлем чемпионатының түпнұсқа кубогын және әлемдік футбол аңызын Алматыда қабылдау – қаламыз үшін үлкен мәртебе. Алматы дәстүрлі түрде Қазақстанның спорттық өмірінің орталығы болып саналады, ал басты футбол трофейінің келуі қаланың ірі халықаралық спорттық іс-шараларды өткізу алаңы ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.
Бұл жай ғана іс-шара емес – жастарға шабыт сыйлайтын, спорттың адамдарды біріктіретінін, мінезді қалыптастырып, үлкен жетістіктерге жетелейтінін айқын көрсететін маңызды оқиға.
Спортты және спорттық инфрақұрылымды дамыту — әкімдіктің басты басымдықтарының бірі. Біз спорт саласын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін заманауи нысандарды жаңғырту және салу бойынша кешенді бағдарламаларды іске асырып келеміз».
Турды ұйымдастыру Coca-Cola, FIFA, ҚР Футбол федерациясы, Алматы қаласы әкімдігінің ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды. Алматыдағы көрсетілімнен кейін футбол символы халықаралық сапарын жалғастырады.
27.01.2026
Рубрика: Другое Категория: Казахстанские Тематика: Другие
Вернуться к списку материалов





