Марк Антонио Рубио
![]() |
"Аламан" сіздердің назарларыңызға қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің қарсыласы Марк Антонио Рубионы кеңінен таныстырады.
Марко Антонио Рубио – 1980-жылы, 16-қыркүйек күні Мекскикада дүниеге келген. Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетеді.
Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2000-жылы мамыр айында өкізген.
Алғашқы жеңілісі 2001-жылы 1-маусым күні болды. Оны жеңген тағы бір мексикалық боксшы Саулю Роману болған. Сол жылы қыркүйек айында Рубио Мексика Чемпионы деген атақты жеңіп алды.
2003-жылы 1-тамыз күні жеңілмейтін Хосе Вареланы екінші раундта нокаутпен жеңіп, континентаралық WBC чемпионы деген атақты жеңіп алды. Бұл кездесіден кейін ол көп жеңіліске ұшырамай қарсыластарын нокаутпен жеңіп отырды.
Тек өзінің отызыншы кездесуінде ганалық Кофи Янутаға екінші раундта нокаутпен ұтылып қалды.
Бұл жеңілістен кейін ол 2005-жылы қатарынан бес кездесу өткізіп бәрінде жеңіске жетті. Солардың ішінде жеңілмейтін Дэвид Торибоныда нокаутпен жеңді.
Үшінші жеңіліс оған өте әділетсіз келді. 2006-жылы мамыр айында Кассимом Оумамен болған жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілер жеңісті Оумаға берді. Бірақ, кездесуден кейін көптеген мамандардың айтуынша жеңіс Рубиоға берілу керек еді.
Оның өміріндегі ең қиын әрі мықты қарсыласы жеңілмейтін ресейлік Заурбек Байсангуров болған. Киевте өткен бұл кездесу алдында көптеген мамандар Рубионың жеңісіне сенген, бірақ 12 раундқа созылған бұл кездесуде ресейлік былғары қолғап шебері барлық төрешінің шешімімен жеңіске жетті.
Бұл жеңілістен кейін Рубио қарап қалмай, орта ауыр салмаққа ауысып қарсыластарын нокаутпен жеңіп отырды. 2007-жылы екінші рет Мексика чемпионы, ал 2008-жылы WBA Fedecentro, WBC FECOMBOX атақтарын жеңіп алды.
Қазір ол WBC дәрежесінің уақытша чемпионы.
24.08.2014



Автор: sportinfo.kz Источник: http://alaman.kz Рубрика: Бокс Категория: Мировые Тематика: Бокс
Теги: Геннадий Головкин, Марко Антонио Рубио, бокс
Вернуться к списку материалов
comments powered by Disqus