Павлодарда жасөспірімдер арасында «Talent ID Cup» турнирі өтеді
![]() |
2026 жылғы 20-25 ақпан аралығында Павлодар қаласында 2013 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында футболдан «Talent ID Cup» турнирі өтеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ сілтеме жасап хабарлайды.
Жарысқа футбол орталықтары мен жекеменшік футбол мектептерінің командалары қатысады. Турнирдің негізгі мақсаты – жас футболшыларды анықтау, олардың ойын деңгейін бағалау және болашағы зор таланттарды іріктеу.
Турнир топтық кезең және плей-офф форматында өтеді. Командалар А және В топтарына бөлініп, 21-23 ақпан күндері топтық ойындар өткізеді. Финалдық ойындар 24 ақпанға жоспарланған.
«Talent ID Cup» жарысына «Ертіс», «Алтай», «БЖСМ», «Елімай», «Батыр» және «Форсаж» командалары қатысады.
А тобы:
1. «Ертіс» (2013)
2. «Алтай»
3. «БЖСМ»
4. «Ертіс» 1 (2014)
B тобы
1. «Ертіс» 2 (2014)
2. «Елімай»
3. «Батыр»
4. «Форсаж»
Ойындар кестесі:
21 ақпан
11.00 - «Ертіс» (2013) – «БЖСМ»
12.10 - «Алтай» – «Ертіс» 1 (2014)
13.20 - «Ертіс» 2 (2014) – «Форсаж»
14.30 - «Елімай» – «Батыр»
22 ақпан
12.00 - «Алтай» – «БЖСМ»
13.10 - «Ертіс» (2013) - «Ертіс» 1 (2014)
14.20 - «Батыр» – «Ертіс» 2 (2014)
15.30 - «Елімай» – «Форсаж»
23 ақпан
11.00 - «Алтай» – «Ертіс» (2013)
12.10 - «Ертіс» 1 (2014) – «БЖСМ»
13.20 - «Ертіс» 2 (2014) – «Елімай»
14.30 – «Форсаж» – «Батыр»
24 ақпан
11.00 - 7–8 орындар үшін ойын: 4A - 4B
12.10 - 5–6 орындар үшін ойын: 3A - 3B
13.20 - 3–4 орындар үшін ойын: 2A - 2B
14.30 - Финал: 1A - 1B
13.02.2026
Автор: sportinfo.kz Рубрика: ЛДЮФА Категория: Казахстанские Тематика: Футбол
Вернуться к списку материалов



