«Қазақтелеомдағы» спорт мейрамы




Алматыда "Қазақтелеком" АҚ жазғы көпсайыс бойынша XII Республикалық спартакиада өтті. Компанияның жүз шақты қызметкері үш күн бойына (еліміздің барлық өңірінен келген 23 команда) спорттың алты түрі бойынша: атудан, алыс және жақын қашықтыққа жүгіруден, граната лақтырудан, күш сынасу гимнастикасынан және жүзуден жарысты.

Демалыс қарсаңында жеңімпаздарды марапаттау өтті. Командалық есепте жеңімпаз атанғандар – Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар ОТД. Ерлер біріншілігі бойынша ең озық болған Солтүстік Қазақстан ОТД қызметкері Алексей Музыкантов, екінші орында Атырау ОТД қызметкері Самат Шабыкеев және үшінші орынды "Қазақтелеком" АҚ Ақпараттық жүйелер дирекциясының қызметкері Дәурен Сдыков иеленді. Әйелдер біріншілігінің үштігін Галина Дмитриева (Павлодар ОТД) бастады, екінші орын тұғырына Ирина Бейкель (Жамбыл ОТД) жайғасса, үшіншісі – Анастасия Герасименконың (Солтүстік Қазақстан ОТД) үлесіне тиді. "Жеңіске деген жігері" номинациясында сыйға ие болғандар Ақмола ОТД Михаил Кнак және Шығыс Қазақстан облысынан Елена Хворых.

Жарыс жеңімпаздары өздері мақсат еткен кубоктары мен бағалы сыйлықтарына қол жеткізіп, компания басшыларының қолынан марапаттар алды. Спартакиадаға қатысушыларға арнап, "Қазақтелеком" АҚ Спорт кеңесі төрағасының орынбасары Алмасбек Әбдірахманов тілектерін жолдады.

– Спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу компания саясатының маңызды бөлігі болып табылады, көпшілік ат салысатын спортты біз заманауи Қазақстанның табысты дамуы мен ұлттық стратегиялық мүддесі шарттарының бірі ретінде қарастырамыз, – деді ол. – Осы спартакиаданы ұйымдастыра отырып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Дені сау ұлт – қуатты мемлекет "Жолдауын іске асыруға лайықты үлес қосуға жігерлендік.

Спортшылардың шеберлігі жыл сайын өсіп келе жатқанынын компанияда атап айтуда. Олар жарыстарға қажырлы түрде дайындалады, жарыстар басында аудандық деңгейде, содан соң облыстық және соңында республикалық деңгейде өтеді. Спартакиадаға қатыса алмай қалса, қатты қынжылады. Батыс Қазақстан ОТД құрамасының капитаны Талғат Әкежановтың айтуы бойынша, Алматыға шығар жолда оның командасы күрделі кедергілерге ұшырады, егер "Қазақтелекомның" бас спортшысы Алмасбек Әдірахманов араласпағанда, олар командалық есепте 4 орын ала алмайтын еді.

– Павлодар бізден бір ұпайға озды, – дейді Талғат. – Алайда біз көптен олардың өкшесін басып келеміз, уақыты келгенде алғашқы орындарға шығатын боламыз. Мен бала кезімнен спортты жақсы көремін, компанияның спортпен шұғылдануға жағдай туғызғанына өте ризамын. Көпсайыстағы нәтижем жақсы. Әскерде лақтыру мен атуды шыңдағаным пайдаға асты. Ал енді спринт пен жүзуден алдыма жан салмаймын. Әлсіз жерім – кросс. Артық салмақ кедергі етеді: жүгіруші үшін 100 кг көптеу...

Ал, "Жеңіске деген жігері" үшін сыйлық алған Михаил Кнак тартылудан ұтпағанына қынжылуда. "Бар болғаны 11 рет қана тарыла алдым", – деп мойыған ол, – дұрыс дайындалмадым,– деп тұжырымдады. Мүмкін бұл оның көпсайысқа алғашқы рет қатысқанынан болар. Ақмола облысы Сандықтау ТОБЖ-да Михаил футболға құмар спортшы ретінде танымал. Өткен жылы оның командасы жарыстарда жүлделі екінші орын алған болатын.

Павлодардың ақпараттық жүйелер учаскесінің бастығы Галина Дмитриева үшін өткен спартакиада – сегізінші. 2004 жылы спортпен әуестеніп, тұрақты түрде жақсы нәтиже көрсетіп келеді: алғашқы үш орынның біріншісі соның үлесінде.

– "Қазақтелеком" мен оның бөлімшелерінде спорттық жарыстарға тартудың қажеті жоқ, – дейді Галина. – Салауатты өмірді, шұғылданғанымыз келген спорт түрін өзіміз таңдаймыз. Президенттік көпсайыс бойынша жазғы спартакиада жыл сайын өткізіледі. Қысқы спартакиада бір-ақ рет өтті, бірақ қызығушылық зор болды. Қысқы спорт түрлері бойынша жарыстарды үнемі өткізу тәжірибесі қолға алынғанын қалар едік.

– Бұл адамдарды алаңға немесе спорт залына баруға ешкім мәжбүрлемейді, – дейді әңгімемізге араласқан Алмасбек Әбдірахманов. – Олар өз еріктерімен құштарлана қатысады. "Қазақтелекомда" жартысынан көбі 40 жасқа дейінгі қызметкерлер. Көбінің жұмысы ұзақ уақыт бойы компьютер алдында отырумен байланысты. Қозғалыссыз өмір бола ма? Сондықтан спортпен әуестенеді. Біздің міндетіміз – жаттығулар өткізуге жағдай жасау. "Алматытелеком" ҚТО және Оңтүстік Қазақстан облыстық дирекциялары өз қаражаттарына футбол алаңын салды, онда жас қызметкерлер тегін жаттығады. Орталық аппаратта да доп қууға мүмкіндік бар, йога секциясы, теннис алаңы жұмыс істейді. Қызметкерлердің үштен бірі спортқа бет бұрды. Мен 75 жастамын, бұрын Генштабтың қызметкері болдым, алты немерем және екі шөберем бар, жастарға қарап тұрып, берілмек емеспін. Сағат 5-те тұрамын, бір сағаттай айналысамын, жеті жарымда жұмысқа келемін, – деді отставкадағы генерал-майор.

– Спортты мен де жақсы көремін, – дейді ақсақалдан кейін сөз алған менеджер Гүлвира Рахимжанова. – "Қазақтелекомның" орталық офисінде кішкене спорт залы бар. Аптасына үш рет біз йогамен айналысамыз, екі рет – аэробика, ал түскі ас кезінде – бимен шұғылданамыз. Бұл салауатты өмірге тартып қана қоймай, менің компанияға деген көзқарасымды анықтай түседі. "Қазақтелекомды" осы үшін ұнатамын және бағалаймын. Бұл жерде бір тиын да шығармай ақша табу, мәдениетке жақын болу, сауығу мүмкіндігі бар. Спорт – компаниямыздағы фишкалардың бірі, кадрларды, әсіресе жастарды, тартатын да, ұстап қалатын да сол.

 


00:00/29.10.2014  1068    0    Добавить в личный кабинет

Автор: Sportkaz


   


comments powered by Disqus