Дені сау ұлт – рухы мықты мемлекет




Алматы қаласында осындай ұранмен "Қазақтелеком" АҚ бөлімшелері арасында жазғы көпсайыстан XII республикалық спартакиада өтті. Жеңімпаз атағы үшін еліміздің барлық өңірінен 23 команда күш сынасты.

Бұл турнир компанияның қызметкерлері үшін бұрыннан келе жатқан жақсы дәстүрге айналды. Алдымен әрбір өңірде іріктеу жарыстары өткізіліп, оңтүстік астанамызда тек ең үздік командалар сайысқа түседі. Қатысушылар қысқа қашықтыққа және ұзақ қашықтыққа жүгіруден, гранат лақтырудан, оқпен атудан, күш гимнастикасынан және суда жүзуден бақ сынасады. Үздіктері барлық жарыс түрлерінен жинаған жалпы ұпай саны бойынша анықталады. Бұл ретте әрбір сайыста қызу күрес болғанын атап өту қажет. Спортшылардың әрқайсысы өз командасына барынша көп ұпай жинауға тырысып бақты.

– Компанияда жалпы саны 30 мыңнан аса адам қызмет етеді, соның ішінде 70 пайыздан аса қызметкер спортпен айналысады, – деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ спорт кеңесі төрағасының орынбасары Алмасбек Әбдрахманов.– Бұл жақсы көрсеткіш. Әрине, байланысшы-монтер олимпиада чемпионы атанбаса да, бірақ спорттың арқасында оның дені сау болмақ. Компания қызметкерлерінің көпшілігі компьютердің алдында отырып жұмыс істейтіндіктен, біз қозғалысы көп спорт түрлерін таңдаймыз. Барлық облыстардағы филиалдарымыз қызметкерлер үшін теннис корттарын және бассейндерді жалға алады. Жігіттеріміз тұрақты түрде футбол ойнайды. Екі футбол командамыз қалалық чемпионаттарға қатысатынын атап өту қажет. "Қазақтелеком" АҚ сопрт залдарында нәзік жанды қызметкерлеріміз үшін де бірнеше секциялар ашылған. Қыздардың йога мен биге деген қызығушылығы өте жоғары. Сонымен қатар, біз тауға шығып, биіктіктерді бағындырып тұрамыз. Бұған дейін альпинизммен айналыспаған бірнеше қызметкеріміз алдын ала арнайы жаттығудан өту арқылы Құмбел (3200 м) шыңын, Амангелді атындағы және Нұрсұлтан (4376 м) шыңдарын бағындырды. Бұл деген керемет қой! Компания басшылығы спортқа бөлінген ақша ең алдымен қызметкерлерге, яғни олардың денсаулығына салынған инвестиция екенін жақсы түсінеді. Спорт адамның денсаулығына ғана емес, сондай-ақ пікірі ортақ жандарды біріктіруге де ықпал етеді. Топта ең бастысы рух биіктігі, алға қойылған мақсатқа жету жолында бір-біріне көмектесу арқылы командада жұмыс істей білу. Біздің мақсатымыз тек жеңіс емес, ең маңыздысы көпшілікті жұмылдыру. Ешқашан спортпен шұғылданбаған қызметкерлер спартакиададан кейін қызығушылықтары оянуда. Дене шынықтырумен айналысудың корпоративтік рухты қалыптастыруға да әсері өте мол. Қатысушылардың арасында спартакиадаға жыл сайын қатысып, жеңіске бірнеше рет қол жеткізгендері көп. Мысалы, Павлодар облыстық телекоммуникация дирекциясынан (ОТД) Галина Дмитриева бұл сайысқа оныншы рет қатысып отыр. Ол жеке біріншілікте алтын медальға қол жеткізді.

– Жылдан жылға қатысушылардың деңгейі өсіп, жеңіске жету қиындып барады, – дейді Галина. Бұл жолы қарсыластарым мықты болғандықтан, үздік үштікке кіре қоймаспын деп ойладым. Спортпен өзім үшін айналысамын. Менің сүйікті сайыстарым – күш жаттығулары мен атысу. Алайда жаттығуды бастағанға дейін қолыма қару ұстап көрмегенмін. Енді өзімнің жетістіктеріме сене алар емеспін. Турнирдің тағы бір тұрақты көшбасшысы Солтүстік Қазақстан ОТД қызметкері – Алексей Музыкантов. Ол бұл спартакиадада тағы да үздік нәтиже көрсетті.

– Сіздің жетістігіңіздің сыры неде? – деп сұрадым Лешадан.

– Жаттығумен тұрақты айналысамын. Жас кезімде президенттік көпсайыспен шұғылданғанмын. Сол маған енді көмегін тигізуде. Сайыстың барлық түріне қатысуға тырысамын.

– Сіздің командаңыз да жыл сайын жеңісті қанжығасына байлайды. Сіздер үшін бұл дәстүрге айналған ба?

– Біз спартакиадаға жыл бойы дайындаламыз. Стадионда, орманда дайындаламыз, қыста шаңғы тебеміз. Дайындық үшін барлық жағдайды жасаған басшылыққа алғыс айтамыз. Қажет болған кезде жұмыстан да ертек босатады. Ведомстволық спартакиадамен қатар, Петропавл қ. барлық кәсіпорындарының командалары жиналатын қалалық жарыстарға да қатысамыз. Бірінші орынға қол жеткізу оңай, оны ұстап тұру қиынырақ. Біздің командамыз намысшыл, әрқашан жеңіске талпынамыз. Сол үшін де жаттығуға барынша күш саламыз.

Жеңімпаздармен сұхбаттасып жатқанымызда, жүлделі орындарды жариялайтын уақыт та келіп жетті. Командалық есеп бойынша Солтүстік Қазақстан ОТД қызметкерлері тағы да үздіктердің алдына шықты. Екінші орын Шығыс Қазақстан ОТД командасына бұйырып, үшінші жүлдені Павлодар ОТД алды. Төртінші орынға қол жеткізген қатысушылар да сыйлықсыз қалмады. Ақмола ОТД-дан Михаил Кнак пен Өскемендік Елена Хворых "Жеңіске ұмтылысы үшін" жүлдесін иеленді.

Марапаттау кезінде жеңіске жеткен қатысушылар қуаныштарымен бөілісіп жатты.

– Менің қолымнан келді! Үштік қатарына ендім! – деп Ақпараттық жүйелер дирекциясының қызметкері Даурен Сдыков мақтана қуанды. Спартакиадаға үшінші рет қатысуым, алайда қола медальді алғаш алып отырмын. Қарсыластар өте мықты, озып шығу оңай болмады. Бұл жеңісім өз филиалымның жалауын биікке көтерумен бірдей.

Дәуренмен бірге Самат Шабыкеев (Атырау ОТД), Анастасия Герасименко (Солтүстік Қазақстан ОТД) да жеңіс қуанышын бөлісті. Командалар келесі жылы тағы да Алматы қаласында спартакиада кездесу үшін өз өңірлеріне тарасты.

 


00:00/30.10.2014  1034    0    Добавить в личный кабинет

Автор: Sportkaz


   


comments powered by Disqus